Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ең қымбат смартфондар бренді банкротқа ұшырады

Ең қымбат смартфондар бренді банкротқа ұшырады

Алматы. 14 шілде. 7kun.kz - Британдық компания Vertu басшылары несие берушілермен келісімге келе алмады. Компанияның қарызы 128 миллион фунт стерлингті құрайды. Бұл туралы  The Financial Times хабарлады.

Компания Ұлыбританиядағы фабрикасын жабады. Соның әсерінен 200-дей адам жұмыссыз қалады. Дегенмен, Vertu брендін, технологиясын, дизайнын және лицензияларын сақтайды.

Сондай-ақ, компания басшысы Хакан Узан болашақта компанияны қайта тірілтуді көздеп отыр.

Еске салсақ, Vertu  компаниясын Baferton наурыз айында сатып алып еді.  Бұл соңғы бес жылдықта басшылықтың  үшінші ауысуы.

Дереккөз: tengrinews.kz

 

Похожие материалы