Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Еңбек министрлігінде алдағы сегіз жылда сұраныста болатын топ-25 мамандықты анықтады

Еңбек министрлігінде алдағы сегіз жылда сұраныста болатын топ-25 мамандықты анықтады

Алматы. 29 желтоқсан. 7kun.kz – «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ сарапшылары таяу жылдары неғұрлым талап етілетін қызметтердің топ-25 тобын анықтады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Зерттеу бойныша ең «қажет» – орта мектеп мұғалімдері, бухгалтерлер, күзетшілер, инкассаторлар және соған байланысты кәсіптер, дүкен сатушылары және олардың көмекшілері болды.

Талдаушылары Ұлттық қызметтер жіктеуішінің ең толық деңгейінде топкәсіптерді анықтады. Ол келесідей:

  1. Бухгалтерлер – 92 мың адам;
  2. Күзетшілер, инкассаторлар және соған байланысты кәсіптер – 77,8 мың адам;
  3. Дүкен сатушылары мен олардың көмекшілері – 70,2 мың адам;
  4. Әлеуметтік ғылымдар бойынша орта мектеп мұғалімдері – 45,2 мың адам;
  5. Автокөлік жүргізушілері мен шопырлар – 45,1 мың адам;
  6. Күтім бойынша орташа медициналық персонал – 40 мың адам;
  7. Жаратылыстану ғылымдары бойынша орта мектеп мұғалімдері – 37,9 мың адам;
  8. Мектепке дейінгі білім беретін тәрбиешілер – 36,1 мың адам;
  9. Қонақүйлер мен осыған ұқсас мекемелердегі тазалаушылар мен қызметшілер – 34,6 мың адам;
  10. Бастауыш сынып мұғалімдері – 32,3 мың адам;
  11. Кеңселердегі тазалаушылар – 25,3 мың адам;
  12. Шаштараздар – 24,6 мың адам;
  13. Орта мектеп мұғалімдері – 23,2 мың адам;
  14. Кеңсе қызметкерлері (жалпы бейіні) – 22,1 мың адам;
  15. Көшелер мен базарлардағы саудагерлер – 21,7 мың адам;
  16. Ғимараттарды қараушылар және күзетшілер – 20,6 мың адам;
  17. Аспаздар – 20,5 мың адам;
  18. Басқа біліктілігі жоқ жұмысшылар – 20,2 мың адам;
  19. Аралас өнім өндіретін фермерлер мен жұмысшылар – 19,8 мың адам;
  20. Дәстүрлі тәсілмен көкөніс өсіретін фермерлер мен жұмысшылар – 19,6 мың адам;
  21. Жүк көлігінің жүргізушілері – 17,8 мың адам;
  22. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде біліктілігі жоқ жұмысшылар – 16,6 мың адам;
  23. Аула сыпырушылар және ашық аумақтарды тазалаушылар – 16,5 мың адам;
  24. Жылжымайтын мүлікпен және басқа да мүлікпен операциялар жөніндегі агенттер – 16,2 мың адам;
  25. Штаттағы заңгерлер – 15,2 мың адам.

«Егер жиынтық көрсеткішке қарасақ, білім беру саласындағы кәсіби мамандар – барлық қажеттіліктің 12,5%, жылжымалы жабдықтың жүргізушілері мен операторлары – 8,2%, бизнес және әкімшілендіру саласындағы кәсіби мамандар – 6,8%, азаматтар мен меншікті қорғауды жүзеге асыратын қызметтердің қызметкерлері – 5,3%, тазалаушылар мен қызметшілер – 5,1% сұранысқа көп ие болатынын атап өтуге болады», – деді ЕРДО Болжау департаменті директорының орынбасары Қайырбек Аяшев.

Ең аз қажеттілік «Әкімшілік саласындағы басқа қызметкерлер», «Жеке тұтыну үшін өнім өндіретін ауыл шаруашылығы, балық аулау және балық өсіру шаруашылығы фермерлері», «Қолөнершілер, дәл құралдар, полиграфия және картография бойынша жұмысшылар», «Өнімді жинаушылар мен сынаушылар» және «Аңшылар мен орман және балық өнімдері өндірісінің жұмысшылары» топтарында күтіледі. Болжам бойынша, жоғарыда аталған барлық мамандарға сұраныс 2030 жылға дейін шамамен 10,5 мың адамды құрайды.

Похожие материалы