Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Енді ата-аналар мемлекет сыйақысын ала отырып, балаларын оқытуға қаражат жинай алады

Енді ата-аналар мемлекет сыйақысын ала отырып, балаларын оқытуға қаражат жинай алады

Алматы. 17 қараша. 7kun.kz – 2022 жылғы 12 қыркүйекте сақтандыру ұйымдарына Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне (МБЖЖ) қатысуға мүмкіндік беретін түзетулер күшіне енді.

Енді осы инвестициялық өнімді сатудың баламалы арнасын банктермен қатар сақтандыру ұйымдары да ұсынатын болады. МБЖЖ шеңберінде өмірді білім беру жинақтау сақтандыруы шартын жасасу арқылы ата-аналар сақтандыру ұйымы есептейтін инвестициялық кіріске қосымша жылдық 5% мөлшерінде мемлекет сыйлықақысын ала отырып, балаларын оқытуға  қаражат жинай алады.

«Сақтандыру өнімінің бірқатар артықшылықтары бар. Біріншіден, кірістілік мөлшерлемесі депозитке қарағанда (8%-дан 10%-ға дейін) сақтандыру шартының бүкіл қолданылу мерзіміне кепілдік беріледі. Екіншіден, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының кепілдігі толық жинақталған соманы өтейді, бұл ретте Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының кепілдігі 20 млн теңгеге дейінгі соманы ғана өтейді. Үшіншіден, ата-анасы қайтыс болған немесе еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда жинақталған сомаға қарамастан оқу құны толық төленеді», – делінген Қаржы нарғын реттеу және дамыту агенттігінің хабарламасында

Білім беру жинақтау сақтандыру өнімін енгізу ата-аналардың көпшілігіне балаларын оқытуға қаражат жинауға мүмкіндік береді. Бұл мемлекет субсидиясы бар алғашқы сақтандыру өнімі.

Айта кетейік, МБЖЖ – бұл кез келген азамат үшін баласының Қазақстанда немесе шетелде кәсіптік-техникалық және жоғары білім алуына төлеуге жеткілікті қаражат жинақтау мүмкіндігі. Бүгінгі таңда МБЖЖ бағдарламасына екінші деңгейдегі 4 банк қатысады, жалпы сомасы 33,5 млрд теңгеге 22 мың білім беру депозиті ашылды.

Похожие материалы