Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

FlyArystan рейстеріне әуежайларда тіркелу ақылы болды

FlyArystan рейстеріне әуежайларда тіркелу ақылы болды

Алматы. 10 қаңтар. 7kun.kz – 10 қаңтарынан бастап әуежайларда FlyArystan рейстеріне тіркелу ақылы болды. Енді тегін тіркелуді тек онлайн режимінде өтуге болады. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

«10 қаңтар) бастап Қазақстанның барлық әуежайларында тіркелу ақылы болатынын естеріңізге саламыз: әуежайда алдын ала сатып алу – 500 теңге; әуежайда терминалға келгенде сатып алу - 1000 теңге», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ әуе компанияда халықаралық бағыттар бойынша онлайн тіркелу уақытша қолжетімсіз екенін және сол себепті әуежайда халықаралық рейске тіркелу әзірге тегін екенін атап өтті.

FlyArystan 2018 жылы Air Astana авиакомпаниясының бөлімшесі ретінде акционерлердің – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының (жарғылық капиталында 51%) және британдық BAE Systems (49%) мақұлдауымен құрылды. Лоукостер паркі 14 A320 лайнерінен тұрады және әуекомпания 2023 жылы компания осындай бес әуе кемесін алуды жоспарлап отыр.

Похожие материалы