Алматы. 10 қаңтар. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі коллекторлық қызметтің борышкерлермен жұмыс істеу барысындағы негізгі қағидаларын еске салды.
Банктің баспасөз қызметінің мәліметінше, коллекторлар борышкерлерге таңғы 08.00-ден 21.00-ге дейін күніне үш рет қана хабарласа алады.
Оларға апта ішінде 3 кездесу өткізуге ғана рұқсат етілген және таңғы сағат 08.00 мен 21.00 аралығында бір реттен артық кездесуге тыйым салынған. Сондай-ақ, кездесудің уақытын борышкер белгілейді.Сондай-ақ, мұның барлығы жұмыс күндері ғана жүргізілуі тиіс, мереке және демалыс күндері кез келген байланысқа рұқсат етілмейді.
Коллекторлық агенттіктерге борышкерді өз міндеттерін орындауға мәжбүрлеудің кез келген тәсілін қолдануға заң жүзінде тыйым салынады. Атап айтқанда, жалған ақпарат таратуға, өміріне қауіп төндіруге, бопсалауға, алаяқтық жасауға, қарызын өтеу үшін борышкерден ақша немесе мүлік алуға, несие берушінің құпиясын ашуға болмайды.
Коллекторлық агенттіктерде іскерлік абырой-беделі таза, психодиспансер, наркодиспансер және тубдиспансерде есепке тұрмаған мамандар жұмыс істеуі керек. Сонымен бірге, 2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, Ұлттық банктің есептік тіркеуіне 60 коллекторлық агенттік өткен, олардың басым бөлігі Алматы қаласында (34) тіркелген.