Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Енді пойыздардың төменгі орны 20% қымбат болады

Енді пойыздардың төменгі орны 20% қымбат болады

Астана. 27 қазан. 7kun.kz – Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап кейбір коммерциялық пойыздардың төменгі орны 20%-ға қымбаттайды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

ҚТЖ мәліметінше, жоғарғы және төменгі орындар арасындағы жол ақысының айырмашылығы 20% болады. Оған себеп вагондағы орындарды біркелкі бөлу, сондай-ақ жолаушылардың төменгі орындарға деген сұранысын қанағаттандыру.

Сараланған тәсіл келедісей жолаушылар пойыздарында қолданылады:

1. № 111/112 «Алматы – Маңғыстау»;

2. № 51/52 «Алматы – Орал»;

3. № 105/106 «Алматы-Петропавл»;

4. № 71/72 «Астана-Шымкент»;

5. № 29/30 «Алматы-Атырау».

Похожие материалы