Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Енді шетелдік инвесторлардың барлығы елге кірмейді

Енді шетелдік инвесторлардың барлығы елге кірмейді

Астана. 6 ақпан. 7kun.kz - Елдегі ірі отандық кәсіпорындардың санын көбейту қажет.  Н.Назарбаев үкімет пен әкімдіктерге осындай тапсырма берді. 

"Үкімет пен барлық әкімдіктерге отандық ірі кәіпорындардың санына қатысты нақты индикатор белгілеуді тапсырамын. Егер қажет болса, премьер-министр ол кәсіпорындардың басшыларын жинап алып, өзінің және менің атымнан сондай мәлімдеме жасауы керек", - деді ол.

Мемлекет басшысының сөзінше, отандық өндірушілер мемлекеттік сатып алу және кен өндірісін сатып алу бойынша шетелдіктерді ығыстыра алады. Ал импортты алмастыру ЖІӨ-ді 5 пайызға дейін көбейте алады. "Өткен жылы жалпы мемлекеттік сатып алу көлемі 3,3 трлн теңге болды.  "Самұрық-Қазынада" 4,4 трлн теңге бар. Кен өндірушілерде - 4,9 трлн теңге. Барлығы 12,6 трлн теңге болады. Ойлаңдаршы, бұл жыл сайынғы мемлекеттік сатып алу үшін өте үлкен қаржы. Сол сатып алулар импортты алмастыратындай жағдай жасау қажет. Бұл премьер-министрдің жеке бақылауында болуы тиіс", - деді Н.Назарбаев.

Оның сөзінше, құрылыс саласындағы отандық үлес туралы мәлімет әртүрлі. "Барлығын мемлекет ақшасына жасауға үйретіп қойдық. Сендер құрылыс саласындағы отандық өндірушілер үлесі 60% дейсіңдер, ал бизнес 40%-дан аспайды дейді. Құрылғылар, жиһаз және басқасының барлығы - шетелдік", - деді ол отандық жиһаз сатып алуды ұсына отырып.

"Мен бізге келген барлық шетелдік инвесторларға айтамын: енді басқаша болады. Егер ондай өнім (шетелдік инвесторлар өнімі - ред.) болмаса ғана, импортпен сатып алуға рұқсат береміз. Ойлап қараңдаршы, біздің компанияларымыз табыс табу үшін қаншама мүмкіндік пен жұмыс орнынан айырылып отырмыз", - деді мемлекет басшысы.

Өз кезегінде "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтың хабарлауынша, құрылыстағы отандық үлес бар болғаны 26%-ды құрайды. "Ол жерде құрал-жабдықтар, жиһаз басқалары бар. Барлығын қосқанда тек 26% болады", - деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

Осыған байланысты мемлекет басшысы әкімдіктерге ҰКП-мен бірге қажетті тауарлардың отандық өндірушілерден сатып алынуын қадағалауды тапсырды. "Әкімдік, сендер қайда қарап отырсыңдар? Егер осы жұмысты бастасаңдар, тез арада әсері болады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Похожие материалы