Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Енді Telegram-да қоңырау шалуға болады

Енді Telegram-да қоңырау шалуға болады

Алматы. 30 наурыз. 7kun.kz – Telegram мессенджерінде енді қоңырау шалуға болады. Бұл туралы rbc.ru жазды.

Бұл қызмет Android пен iOS қосымшасындағы мессенджерлерге  қолжетімді. Алайда жаңа функция тек батыс Еуропа қолданушыларына ғана пайдалана алады. Олар қосымшаның баптауларына кіріп оларға хабарласа алатын контакттер санын шектей алады. Сонымен бірге, сөйлесу кезінде трафикті азайтуға болады. Сіздің нақты сол адаммен сөйлесіп отырғаныңызды анықтау үшін, олар эмодзилердің көмегімен өздеріне кілтсөз жасай алады.

Барлық әңгімелесулер end-to-end шифрімен қорғалған. Бұл жүйеде шифрланған ақпарат ешқандай делдалсыз тікелей құрылғыға жіберіліп, ол тек хат алушыға ғана ашылады. Хаттың шифрленуі мен ашылуы сервердің қатысынсыз жүзеге асады. Қазіргі уақытта бұл - ең сенімді тәсіл.

Айта кетейік, 2017 жыл қаңтарда жіберілген хабарламаларды өшіруге болатын функция пайда болған.

Похожие материалы