Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Террористік әрекетке қатысы барлар азаматтығынан айырылады

Террористік әрекетке қатысы барлар азаматтығынан айырылады

Астана. 11 шілде. 7kun.kz - Нұрсұлтан Назарбаев терроризмге қатысы барларды азаматтықтан айыру түріндегі қосымша қылмыстық жазаны енгізетін заңға қол қойды. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.

"Мемлекет басшысы қолданыстағы заңдарды Конституцияға енгізілген түзетулермен сәйкес келтіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген Ақорда сайтында.

Қылмыстық кодекстің 10 бабында қарастырылған аса ауыр террористік қылмыстың 14 құрамы бойынша азаматтықтан айыру түріндегі балама жаза ұсынылып отыр. Мәселен, терроризм актісі үшін "ҚР Қылмыстық кодексінің 255-бабының 3-бөлігі - "Терроризм актісі" және 257-бабының 3-бөлігі - "Террористік топ құру және оған басшылық жасау" бойынша.

Елдің өмірлік маңызы бар мүдделеріне ауыр зиян келтіру қылмыстарына ҚР Қылмыстық кодексінің 11 бабында қарастырылған 16 қылмыс құрамы кіреді. Мысалы, 168-бап - Геноцид, 180-баптың 3-бөлігі - Сепаратистік әрекет, Террористік топ құру және оған басшылық жасау және тағы да басқалар. Сол кезде Марат Бекетаев азаматтықтан айыру түріндегі жазаны соттың істің толық мән-жайының негізінде және оның салдарының ауырлығына байланысты төтенше жағдайларда тағайындайтынын айтып өткен болатын.

Азаматтықтан айыру туралы шешім соттың айыптау үкімі заңды күшіне енуі негізінде ішкі және сыртқы істер құзырлы органдарында тіркелуге жатады.

Еске салсақ, сәуірде парламент мәжілісі ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес кейбір заңнамалық актілерді енгізу бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған болатын. Заң жобасына жеті кодекс пен 46 заң енгізілген. Азаматтықтан айыру туралы қосымша жаза түрі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 21-бабында қарастырылады.

Похожие материалы