Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Енді Тік Ток қосымшасын қазақ тілінде қолдануға болады

Енді Тік Ток қосымшасын қазақ тілінде қолдануға болады

Алматы. 17 қаңтар. 7kun.kz Енді Тік Ток қосымшасындағы интерфейс тілін кез келген уақытта ауыстыруға болады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ол үшін қосымшаның төменгі оң жақ бөлігіндегі «кескінді» басыңыз. Сол кезде сіздің жеке мәліметтеріңіз сақталатын парақша ашылады. Баптауға өту үшін дәл осы парақшаның оң жақ жоғары тұсындағы үш сызықпен бейнеленген белгіні басуыңыз қажет. Содан кейін «параметрлер мен құпиялылық» бөліміне өтіп, одан «тіл» деген сілтемеге кіресіз. Дәл осы жерден қазақ тілін таңдауыңызға болады.

Айта кетейік, өткен жылдың қазанында Шығыс Еуропадағы TikTok Global Business Solutions директоры және TikTok Kazakhstan компаниясының басшысы Анастасия Панина қосымшаның қазақ тіліне аударылатынын растаған еді.

Похожие материалы