Экономика
Енді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен қарыз алу үшін банкке барудың керегі жоқ

Алматы. 21 желтоқсан. 7kun.kz – 2019 жылы қазақстандықтар ТҮҚЖБ-дан қарыз алу үшін барлық құжаттар пакетін қашықтықтан рәсімдей алады, - деп хабарлайды forbes.kz.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өз интернет-қызметтерімен қатар, Сіз салымды толтырып немесе кредитті комиссиясыз egov.kz электрондық үкімет порталы, kaspi.kz интернет-банкингі, Halyk bank және Centercredit интернет-банкингі, төлем терминалдары мен банкоматтары, сондай-ақ «Kazpost» АҚ кассалары арқылы төлей аласыз.
2014 жылмен салыстырғанда ТҮҚЖБ интернет-банкинг пайдаланушыларының саны жүздеген есеге артты және қазір 460 мыңнан астам, 250 мың клиент Банктің мобильдік қосымшасын жүктеді. Ұялы байланыс операторларының бірінің абоненттері қажетті жарналарды ұялы телефон балансынан 1,5% көлемінде комиссия төлей отырып, тікелей жүргізе алады.