Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Енді жүргізуші куәлігін кез келген ХҚКО-нан ауыстыра аласыз

Енді жүргізуші куәлігін кез келген ХҚКО-нан ауыстыра аласыз

Алматы. 13 шілде. 7kun.kz - Астана және Алматы тұрғындары жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін мамандандырылған ХҚКО-на барудың қажеті жоқ. Олар жергілікті ХҚКО-да «Жүргізуші куәлігін» ауыстыру үшін құжаттарды өткізе алады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК баспасөз қызметі хабарлады.

Пилоттық жоба әзірге ХҚКО-ның үш бөлімінде іске қосылды: Астана қаласы, Алматы ауданының №5 бөлімінде, К.Сатпаев к-сі, ВП-25; Алматы қаласы, Жетісу ауданының №1 бөлімінде, Құлагер ш/а Серіков к-сі, 6 және Майлин к-сі, 85 №2 мамандандырылған бөлімінде.

Жоба жұмыс істеп тұрған мамандандырылған ХҚКО-на түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, астаналықтар мен алматылықтар емтихан тапсыруды қажет етпейтін болса, кез келген ХҚКО-да жүргізуші куәлігін ауыстыра алады. Яғни, мерзімі аяқталған куәліктерді ауыстыру, тегін өзгерткенде және жоғалтқан жағдайда берілген уақытша жүргізуші куәлігін тұрақты жүргізуші куәлігіне ауыстыру.

«Жүргізуші куәліктерін ауыстыруға өтініштерді  дүйсенбі мен сенбі аралығында, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі асқа үзіліссіз қабылдайды. Дайын құжаттарды – жұмыс кестесіне сәйкес: дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз алуға болады», – деп түсіндірді Оспанов.

Жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін ХҚКО жүгінген кезде өзімен бірге келесі құжаттар болуы қажет: жеке басын куәландыратын кұжат; №83 нысаны бойынша медициналық анықтама және оның көшірмесі; төлем төлегендігі туралы түбіртек; тегін ауыстырған жағдайда – оны растайтын құжат; жоғалған жағдайда – уақытша куәлік; кәсіби жүргізушілерге – «С», «D», «D1», «Tm», «Tb» санаттарын қостыру үшін жұмыс орнынан анықтама; шетел азаматтығы бар жүргізушілерге – Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымның жолдамасы.

Похожие материалы