Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Енді бизнеске қысым көрсету азая түседі

Енді бизнеске қысым көрсету азая түседі

Алматы. 23 маусым. 7kun.kz - Кәсіпкерлерге тағы да жеңілдіктер жасалып жатыр. Енді олар салықты бірінші рет уақытылы төлемесе тек ескерту алады. Бұл туралы 24.kz хабарлды.

Енді заңсыз алып сату кезінде немесе салықты уақытылы төлемеген жағдайда бірінші жолы тек ескерту беріледі. Ал құқық бұзушылық екінші мәрте тіркелсе - заң алдында жауап береді. Бұл мақсатта 8 заңнамаға өзгерту енгізілді. Құжатты сенат талқыға салды.

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, осыдан кейін бизнеске қысым көрсету азая түседі. Сонымен қатар тергеушілер мен судьялардың және адвокаттардың құзыреті артпақшы. Ал жемқорлықтың тамырына балта шабу үшін жеке тәуелсіз құрылым жасақталады.

Похожие материалы