Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Энергетика министрлігі 12 көмірсутек кен орнын сатуға қойды

Энергетика министрлігі 12 көмірсутек кен орнын сатуға қойды

Қазақстанның Энергетика министрлігі байқауға жіберілетін жер қойнаулары тізімін бекітті.

Осыған сәйкес бұйрыққа энергетика министрінің міндетін атқарушы Ұзақбай Қарабалин қол қойып, елдің нормативтік-құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесі сайтында жарияланды. Құжатқа сәйкес 31 шілдеден бастап байқауға 12 жер қойнауы жіберіледі. Пайдалы қазбаның типі - көмірсутекті шикізат, жер қойнауын пайдалану типі - зерттеу. Бұйрық алғашқы жарияланған 10 күн өткен соң күшіне енеді. Ресми жарияланатын күні - 2015 жылдың 20 тамызы. Осылайша, ол 30 тамыз күні күшіне енді.

Похожие материалы