Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Энергетика министрлігі көмір бағасының өсу себебін түсіндірді

Энергетика министрлігі көмір бағасының өсу себебін түсіндірді

Алматы. 5 қазан. 7kun.kz – Көмір бағасы өсуінің себебі – делдалдардың спекулятивтік қосулары. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ақпаратына сәйкес 5 қазандағы жағдай бойынша өңірдегі көмір қоймаларында көмірдің жеткілікті көлемі бар. Мысалға, Кентау қаласындағы көмір қоры 37 мың тонна, Түркістан қаласындағы көмір қоры 5 мың.тоннаны құрайды. Көмірдің бағалары: шұбаркөл – 12,5 мың теңге, майкөбе – 8,5 мың теңге.

Қарағандыда бір тонна көмірдің бағасы 6 мың теңгеден бастап (сарыадыр көмірі) 11 мың теңгеге дейін (шұбаркөл көмірі).

Астананың екі көмір қоймасында шұбаркөл көміріне жоғарғы баға 14 мың теңгені құрайды (майкөбе көмірі – 8,5 мың теңге).

Алматыда бір тонна көмірдің бағасы 15 мың теңгеден бастап (Қаражыра көмірі) 23 мың теңгеге дейін (шұбаркөл көмірі).

Карьерден немесе шахтадан көмірдің жіберілетін бағасы айтарлықтай көп еместігін айтады. Түпкілікті тұтынушылар үшін оның бағасының өсуіне теміржол тарифтері және делдалдық ұйымдардың «қосулары» айтарлықтай әсер етеді. Бұл ретте коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға көмірдің негізгі көлемі тауар биржалары арқылы сатылады.

Бұл ретте, көмірге баға белгілеу, сауданы реттеу және делдалдық құрылымдарды жою ҚР Энергетика министрлігінің құзыретіне кірмейтіндігін айтады.

Өңірлерде көмірді сатып алу және халық үшін тарату жергілікті атқарушы органдар құзыретіне жатады.

Деректер бойынша 2017 жылдың 9 айында ішкі нарыққа 55,8 млн тонна көмір жөнелтіліп, оның ішінде 40,5 млн тонна энергия өндіруші кәсіпорындарға жөнелтілген.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы