Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Энергетика министрлігі ТШО-ны кеңейту жобасынының құнын оңтайландырмақ

Энергетика министрлігі ТШО-ны кеңейту жобасынының құнын оңтайландырмақ

Қазақстанның энергетика министрлігі Теңізшевройлды (ТШО) кеңейту жобасының құнын оңтайландыруды жоспарлап отыр.

"Бұл жоба жалғасын табады, біз серіктестермен берілген жобаның құнын оңтайландырып, бағасын төмендетуге мүмкіндік беретін күрделі іс-шараларды талқылап жатырмыз. Шешім осы жылы қабылдануы тиіс", - деп хабарлады Қазақстанның энергетика министрі Владимир Школьник дүйсенбі күні Астанада өткен брифинг барысында.

ТШО-ны кеңейту жобасын қаржыландыру жөніндегі соңғы шешім 2015 жылдың соңына дейін қабылданады деп мәлімдеді ол.

"2014 жылдың қарашасында келешектегі кеңейту аясында құйылыс қысымын басқару жобасы бойынша эскиздік жобалау аяқталды. Эскиздік жобалау қорытындысы бойынша ТШО серіктестеріне жаңартылған смета мен жобаны жүзеге асыру графигін ұсынды. Жобалау нәтижелері бойынша жобаны іске асыру құны $38 млрд деңгейінде болмақ. Бұл ретте кеңейтілетін нысандар құны $14 млрд қамтиды, құйылыс қысымын басқару нысандарынікі - $22,4 млрд, бұрғылау мен алаңдарды дайындау шығындары $1,9 млрд", - деп мәлімдеді В.Школьник.

Ол "жобаның іске асырылуы ТШО-дағы мұнай өндірісінің жылдық мөлшерін 26,5 млн тоннадан 38,6 млн тоннаға дейін шығаруға мүмкіндік беретіндігін" атап өтті.

Похожие материалы