Экономика
Экономика1
Энергетика вице-министрі: Бензин бағасы түсуі мүмкін
Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин бензин бағасының түсуі де мүмкін деген болжам айтты. Бұл жөнінде Today.kz жазады.
Шенеуніктің айтуынша, көп жағдайда баға саясаты Ресейге байланысты болады. Себебі көрші мемлекет - жанармайдың бас жеткізушісі. «Қазір ел ішінде бағалар 108 мен 124 теңге арасында «қалқып» жүр. Кейбір жанармай бекеттерінде бір литрі 130 теңге болып тұр», — дейді Қарабалин. Бірақ, вице-министр үш ай ішінде бағалар қалыпқа келеді деп сендіріп отыр.
«Бағалардың түсуіне қатысты сұраққа айтарым, неге түспеске? Егер нарыққа бензин жеткілікті мөлшерде келсе, сатушы әрине, бағасын түсіреді. Қазан айы өткен соң байқалады деп ойлаймын. Қараша-желтоқсанда нақты нарықтық бағаны көретін боламыз», — дейді Қарабалин.