Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Энергия тиімділігін арттыруға 20 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр

Энергия тиімділігін арттыруға 20 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр

2017 жылға қарай 20 млрд теңге инвестиция тарту арқылы энергия тиімділігін арттыруға бағытталған жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев энергия үнемдеу мен энергия тиімділікті арттыруға бағытталған халықаралық конференция барысында мәлімдеді. Бұл туралы Стратегия-2050 сайты хабарлайды.

«ЭКСПО-2017 халықаралық көрме өткізу аясында министрлік бірқатар жобаларды іске асырып, нақты нәтижеге келмекші. Біз 20 млрд теңге инвестицияны тарту арқылы энергия тиімділігін арттыруға бағытталған 100 жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз және оны ЭКСПО-2017 көрмесінде таныстырмақшымыз»,-деді министр.

Сонымен қатар, министр 2016 жылы алғаш рет отын-энергетикалық ресурстарды тұтыну бойынша тарихи деректердің сандық форматы, жаңа технологияларды бірқатар кеңінен енгізу: ақылды есептеу деректері, тұтыну қуатын енгізу жоспарланып отырғандығын айтты. 

Похожие материалы