Экономика
Авто
Ең ірі филиалдар желісі бар 10 банк
Өткен жылы Билл Гейтс "мобильді революцияға" болжам жасаған еді. Кәсіпкердің сөзінше, қазір банкте есепшоттары бар 2 млрд адам 15 жылдан кейін смартфондардың кең таралуына және мобильді төлем үшін комиссияның аз алынуына байланысты белсенді түрде мобильді банкингті пайдаланатын болады.
Ал Capgemini және Efma мамандары банк бөлімшелеріндегі "тірі" кезек көлемі мүлдем өзгермегендігін айтады. Солтүстік Америка мен Еуропада сәл көбейе түсіп, Латын Америкасында аз ғана төмендеген. Сондықтан бүгінде банк бөлімшелерін қызмет көрсетудің дистанициялық каналдары жылдам дамуына қарамастан клиенттерге қызмет көрсететін толыққанды орындар деп есептеуге болады.
Қазақстан осы тенденциядан ауытқи қойған жоқ. Ірі филиалдар желісі бар 10 банк Қазақстанда кеңселер әлі де клиентпен қарым-қатынас жасайтын маңызды орын болып қала беретіндігін білдіреді. Тізімдегі бірінші орында Халық банк (512 кеңсе, 22,6%), екінші орында Қазком (265 кеңсе, 11,7%). Бұл қаржы инстиуты алдағы уақытта өз қызметін Қазпошта филиалдары арқылы ұсынуды бастап, тағы 3000 бөлім арқылы қызмет көрсету мүмкіндігіне ие болмақ. Үштікті 250 кеңсесі бар (жалпы көрсеткіштің 11%-ы) Kaspi bank қортындылайды.
Цеснабанктың филиалдар желісі 171, Сбербанкте 166-ға, ForteBank-те 164-ке, Еуразиялық банкте 144-ке, ЦентрКредит Банкінде 134-ке, Нұрбанкте 96-ға, АТФ Банкте 94-ке жетеді.
Аталған ойыншылар белсенді түрде жеке терминалдары мен банкомат желілерін кеңейтіп жатыр. Көшбасшы - 2600 банкоматы бар Қазком. Халық банкінің 2255 банкоматы мен 1000-нан астам мультикиоскілері мен терминалдары бар. Бөлшек сегментінде жұмыс істеуге бағытталған Kaspi bank банкоматтардан бөлек 4000-нан астам төлем киоскілерін ұсынады.