Экономика
ЕО қазақстандық әуе компанияларды қара тізімнен шығарды
Алматы. 9 желтоқсан. 7kun.kz - Еуропалық комиссия Еуорпалық одақтағы ұшу қауіпсіздігі бойынша тізімді жаңартты және аталған тізімнен қазақстандық әуекомпаниялар шығарылды.
«Бүгін Еурокомиссия ұшу бойынша халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келмейтін және Еуропалық одақтағы қызметі шектеулі әуе компаниялардың тізімін жаңартты. Қазақстандық әуе тасымалы аталған тізімнен шығарылды", - делінген Еурокомиссияның ресми сайтындағы ақпараттық хабарламада.
Хабарамада айтылғандай, тізім жаңартылған соң Қазақстанда лицензия алған барлық компаниялар елдегі әуе қауіпсіздік жағдайын жақсартуына байланысты қара тізімнен шығарылып отыр.
Айта кетейік, Еуропалық одақтың ұшу қауіпсіздігіне қатысты тізіміне одақта қызмет етуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған әуе компаниялар кіреді. 2009 жылдың шілде айында өткізілген ICAO 59 аудитінің нәтижесі бойынша қазақстандық әуекомпаниялар Еуропалық одақтың қара тізіміне енге болатын. Ал 2015 жылдың желтоқсанында бұл тізімнен Air Astana әуе компаниясы шығарылды.