"ЕО Еуразиялық экономикалық одағының маңызды серіктесі болып қалады" - Христенко
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) бұрынғыдай Еуропалық одақты өзінің маңызды серіктесі ретінде санайды деп хабарлады ЕЭК алқасының төрағасы Виктор Христенко.
«Еуропалық одақ бұған дейін де ЕЭО-тың маңызды серіктесі болған және солай қала береді», - деді ол Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындысында.
Христенконың сөзіне қарағанда, бұл сауда серіктестігі ғана емес, сондай-ақ инвестициялық және технологиялық әрекеттестікке де орнайды.
«Қазіргі жағдайларға қарамастан біз ЕО-ны орташа мерзімді болашақ үшін қарастырамыз. Бізде техникалық кеңес беру жүріп жатыр. Біз сарапшылар деңгейінде емеспіз, бірақ Лиссабоннан Владивостокқа дейінгі экономикалық аймақ құру туралы ортақ жобаны жүзеге асыру үшін Еуропалық комиссия және Еуразиялық комиссия арасындағы жүйелік диалогқа қызығып отырмыз», - деді ЕЭО кеңесінің төрағасы.
Бұл жоба ЕЭО мүше елдерінің барлығы қызығып отырған стратегиялық бағыт боп қала бермек.