Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЕО Грекияның "Түрік ағыны" құрылысына қатысуына шектеу салады

ЕО Грекияның "Түрік ағыны" құрылысына қатысуына шектеу салады

Афина Мәскеудің "Түрік ағыны" газ құбырының құрылысын қаржыландыруға қатыса алмайды. Грекияның ең ірі несие беруішісі ретінде ЕО жаңа несие рәсімдеуге шектеу салады. Бұл туралы Ресейдің қаржы министрінің орынбасары Сергей Сторчак мәлімдеді.

"Грекия Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) арқылы жүзеге асырып жатқан бағдарламада тәуелсіз түрде қарыз алуға шектеу бар. Ол жеке қаржы тарта алмайды", - деп атап өтеді шенеунік. Оның түсіндіруінше, мұндай жағдайда Афиныға ЕО-тан басқа еш жерден ақша алмауға кеңес береді. 24 мамыр Грекияның ішкі істер министрі Никос Вуцис елдің ХВҚ несиесін төлей алмайтындығын мәлімдеді. "Маусым айында ХВҚ траншы 1,6 млрд еуро құрауы керек еді. Бұл ақшалар аударылмайды, аударатын да ештеңе жоқ",- деді ол. Грекияның несие берушілер алдындағы жалпы қарызы 300 млрд еуроны құрайды. Мамыр айында Вашингтон Афинаға "Түрік ағыны" жобасына қатысудан бас тартуды ұсынған. 2014 жылдың 1 желтоқсанында Ресей "Оңтүстік ағын" газ құбырының құрылысын тоқтатты. Оның орнына Мәскеу "Түрік ағыны" жобасын бастады. Ұзындығы 1100 шақырым болатын магистарль Қара теңіздің түбімен өтіп, Түркия аумағы арқылы Грекияға баруы қажет.  

Похожие материалы