Экономика
ЕО несие берушілерін Грекияның жаңа ұсыныстары қанағаттандырған жоқ
Грекия Еуроодақ пен Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) талап етіп отырған қатаң үнемдеу мен зейнетақы жүйесіндегі реформаларды қарастырмайтын жаңа шарттарын ұсынды. Бірақ несие берушілерді ұсыныстар қанағаттандырған жоқ деп жазады Еуроньюс.
Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас осыған дейін Германия канцлері Ангела Меркельмен және Франция президенті Франсуа Олландпен кездесіп, халықаралық несие берушілерге бюджет тапшылығын қысқартуға және елдің мемлекеттік қарызын төлеуге бағытталған жаңа реформалар пакетін көрсетті.
"Мен әрдайым Грекияға сыйластықпен қарадым. Бұл жерде мәселе Грекия үкіметімен келіссөздерде болып отырған жоқ. Грек халқының мүддесі қорғалуы керек. Көптеген гректерге құрылымды қайта құру бағдарламасына байланысты қиын болып жатыр. Сондықтан мен екі жақтың көпірін байланыстыруға тырыстым. Бірақ көпірдің грекиялық бөлігін әлі күтіп отырмыз", -деді Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод Юнкер.
Грекияға макроқаржылық көмек бағдарламасы аясында 7,2 млрд еуро алу үшін несие берушілер тарапының реформалар жүйесін қолдағаны қажет.
Аталған соманы жіберу қажеттігі туралы шешім 30 маусымға дейін қабылданады. Осы мерзімге дейін Афинаның ХВҚ-ға несиеге қызмет көрсеткені үшін 1,6 млрд еуросын қайтаруы қажет.