Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЕО қолма-қол ақша айналымына бақылауын күшейтеді

ЕО қолма-қол ақша айналымына бақылауын күшейтеді
3 қазан. Алматы. 7kun.kz - Еуропалық Одақ Кеңесі сейсенбі күні Еуропалық Одақтан әкелінетін немесе экспортталатын ақшаны бақылауды жақсартуға бағытталған ережені бекітті. Бұл туралы  «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі хабарлады. «Терроризмді қаржыландыру, ақшаны жылыстату, салықтық алаяқтық және басқа да қылмыстық әрекеттерді бақылауда ұстап, жою қажет. Жаңа ереже бізге осы қауіп-қатерлерге күресті күшейту үшін қажетті құралдар береді», - деді Австрияның Еуропалық Одақ Кеңесінің төрағасы Харвинг Легер. Брюсселде түсіндірілгендей, жаңа ереже Еуропалық Одаққа келген немесе кететін ақшаны бақылаудың ағымдағы жүйесін жақсартады. ЕО-ның жаңартылған заңдары капиталды жылыстату және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың халықаралық стандарттарына енгізілген соңғы өзгерістерді қамтиды. Жаңа заңға сәйкес Еуропалық Одаққа кірген немесе одан шығып бара жатқан азаматта 10 мың еуро немесе одан көп қаражат болса, ол ақшаны кеденде жариялауға міндетті.

Похожие материалы