Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЕҚЫҰ қазақстандық журналистердің қамалуына наразылығын білдірді

ЕҚЫҰ қазақстандық журналистердің қамалуына наразылығын білдірді

Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының БАҚ еркіндігі жөніндегі өкілі Дунья Миятович Қазақстандағы журналистердің жаппай тұтқындалуын сынға алды, деп хабарлайды ВВС.

"Мен Қазақстан билігіне демалыс күндері наразылық шарасы кезінде ұсталған барлық журналистерді босату туралы ұсыныс айтамын", - деді ол кейбір журналистерді босатқаны туралы ақпаратты негізге ала отырып.

Ал Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі журналистерді ұстап әкеткен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттері түсініспеушілік болғанын айтқан болатын. Сондай-ақ, олар осыған ұқсас оқиғалардың алдын алу жөнінде шаралар қабылдауға уәде еткен.

Айта кетейік, елімізде Жер кодексіне байланысты наразылық акциясы кезінде қазақстандық бірнеше белсенді және кәсіби қызметтерін атқарып жүрген "Азаттық радиосы", "Новая газетаның" жергілікті тілшілері және "Интерфакс-Қазақстан", "ТАСС" қызметкерлері ұсталған. Кейінірек Қарағанды мен Астанада ұсталған журналистер босатылды.

Похожие материалы