Ерғали Бегімбетов Amanat Insurance сақтандыру компаниясын басқаратын болды

"Amanat Insurance сақтандыру компаниясы" АҚ басқарма төрағасы болып Ерғали Бегімбетов тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы хабарлайды.
"Amanat Insurance сақтандыру компаниясы ресми хат арқылы KASE-ні директорлар кеңесінің 2015 жылдың 10 наурызындағы шешімімен 2015 жылдың 12 наурызында Бегімбетов Ерғали Нұрланұлы компания басқармасының төрағасы лауазымына сайланғандығы туралы хабардар етті", - деп айтылады биржа хабарламасында.
Бегімбетов Ерғали Нұрланұлы - 2000 жылдан бері "КBS Garant сақтандыру компаниясы" ААҚ вице-президенті. Содан соң "КBS Garant сақтандыру компаниясы" ААҚ басқарма төрағасы болған.
2003 жылдың ақпанынан бастап - "ТұранӘлем Банкі" ААҚ басқарма төрағасының кеңесшісі.
2003 жылдың шілдесі мен 2015 жылдың наурыз аралығы - "Лондон-Алматы" СК басқарма төрағасы.
Сақтандыру бизнесі саласында Nationwide және Grange Insurance американдық компанияларында тәжірибеден өткен.