Алматы. 3 шілде. 7kun.kz — Қазақстанның банк саласында оң үрдістер байқалды, деп есептейді Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев.
"Соңғы үш жыл бойы ЕДБ көмек алуда ( … ) Осы жылдан бастап банктердің кредиттік портфелі ұлғайып келеді, мұны мойындау керек. 1 қаңтардағы жағдай бойынша несие портфелі 12,6 триллион теңгені құрады, және ауыл шаруашылығы портфелін шығару арқылы жағдай өзгеруде », - деді Мәжілістің жалпы отырысында Ерболат Досаев.
Ұлттық банк төрағасының айтуынша, негізгі міндет - ЕДБ өзінің негізгі функцияларына оралуы, қазірден-ақ оң үрдіс байқалады.
"Бірақ біз жыл соңына дейін несие портфелін 10%ға арттыру үшін алдымызға үлкен мақсаттар мен міндеттерді қоямыз", - деп толықтырды Ұлттық банк басшысы.
Бұған дейін реттегіш 2019 жылдың 1 маусымындағы деректер бойынша, тиісті мерзімге дейін банк секторының жиынтық активтері 24 921,4 млрд теңгені құрағанын (2019 жылдың басынан 1,3%-ға азайған) хабарлады. Активтер құрылымында басым үлесті кредиттер – 48,4%, бағалы қағаздар портфелі – 21,5%, қолма – қол ақша, тазартылған қымбат металдар және корреспонденттік шоттар - 12,2% алады. 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттер (NPL) 1 281,8 млрд теңгені немесе несие қоржынының 9,7%-ын құрады. Несие қоржыны бойынша провизиялар 2 324,8 млрд теңге немесе несие қоржынының 17,5% (2019 жылдың басына – 1 776,6 млрд теңге немесе 12,9%) мөлшерінде қалыптастырылған.
2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша банк секторының жиынтық міндеттемелерінің мөлшері 21 888,2 млрд теңгені құрады. Банктер міндеттемелерінің құрылымында ең жоғары үлесті клиенттердің салымдары – 75,4%, айналысқа шығарылған бағалы қағаздар – 8,3%, басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар – 2,7% алады. Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы банктердің жиынтық міндеттемелердегі міндеттемелері 2019 жылдың басымен салыстырғанда 6,2%-дан 7,3%-ға дейін (1 495,5 млрд теңгеге дейін) ұлғайды.
Банк секторының жиынтық меншікті капиталы 3 033,2 млрд теңгені құрады, ол осы жылдың мамыр айында 0,4%-ға өсті. Ағымдағы жылдың қаңтар-мамырындағы таза пайда 124,4 млрд теңгені құрады. 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктердің таза пайыздық маржасы және пайыздық спрэді тиісінше 5,1% және 3,9% болды.