Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ерболат Досаев отставкаға кетті

Ерболат Досаев отставкаға кетті
Астанада Н.Назарбаевтың төрағалығымен күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылауға арналған жиын өтуде. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Twitter-дегі парақшасында жазды. Президенттің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Facebook-тегі парақшасына жиында ең өзекті мәселелер талқыланатынын жазған.  Отырысқа парламент палаталарының төрағалары, премьер-министр, президент әкімшілігінің жетекшісі, үкімет мүшелері мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысуда. Отырыс барысында белгілі болғандай ҚР Ұлттық Экономика министрі Ерболат Досаев,  ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев отставкаға кеткен. ҚР Ауылшаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке сөгіс берілген.

Похожие материалы