Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ердоған Назарбаевқа қоңырау шалды

Ердоған Назарбаевқа қоңырау шалды

Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz – Режеп Тайып Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің кезекті отырысын өткізуге шақырды. Шақыру екі елдің көшбасшылары арасында телефон арқылы сөйлесу кезінде айтылды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастық пен өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде Сириядағы қазіргі ахуалды талқылады.

Екі ел көшбасшылары Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің кезекті саммиті жөнінде пікір алмасты.

Р.Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық кеңестің кезекті отырысына қатысу үшін Анкараға шақырды.

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.

Похожие материалы