Экономика
Ердоған: Біздің мақсатымыз Түркияда Путин мен Зеленскийдің келіссөздерін ұйымдастыру
Түркия. 23 тамыз. 7kun.kz – Түркия Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер процесі үшін алаң ұсынуға дайын. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған айтты, деп хабарлайды Anadolu.
«Біздің мақсатымыз – тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу үшін Түркияда президенттер Путин мен Зеленский арасында келіссөздер ұйымдастыру», – деді Ердоған.
Сондай-ақ ол Украинаның Қара теңіз порттарынан астық экспортын қалпына келтірудің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, бұл Украина астығын тұтынатын әлем халқының 30%-ы үшін үлкен маңызға ие.