Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ердоған қазан айында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Ердоған қазан айында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Анкара. 5 қазан. 7kun.kz – Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Қазақстанға келуі қазан айында жоспарланған. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімовтің Түркияның қазынашылық және қаржы министрінің орынбасары Мұрат Заманмен кездесу барысында белгілі болды, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Кездесу барысында А.Әбдікәрімов Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның қазан айына жоспарланған Қазақстанға сапары екі елдің қарым-қатынастарын одан әрі дамытуға серпін беретінін атап өтті», – делінген ведомствоның хабарламасында.

Келіссөздер Анкарада өтті. Тараптар Түркі инвестициялық қорын құру перспективасын талқылады.

Әбдікәрімовтің айтуынша, Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі серіктестермен бірлесіп Қордың құқықтық базасын қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Похожие материалы