Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ердоғанның Мусинмен не туралы сөйлескені белгілі болды

Ердоғанның Мусинмен не туралы сөйлескені белгілі болды

Түркия. 11 мамыр. 7kun.kz – Түркия президенті Реджеп Ердоғанның қазақстандық министрлерімен танысу барысында Бағдат Мусиннің жанына аялдаған видеосы тараған еді. Алайда даусы естілмегендіктен олардың не туралы сөйлескені белгісіз болған. 

НеХабар Telegram-арнасы жариялаған дыбыссыз видеода Ердоған ҚР Цифрландыру және аэроғарыш өнеркәсібі министрімен қол алысқаннан кейін қызығушылық танытып, министрмен қысқаша әңгімелескенін байқауға болады. Қазақстан Президенті де әңгімеге қосылған.

Бүгін Бағдат Мусиннің өзі Ердоғанмен не жайлы сөйлескенін айтып берді.

"Неше жаста екенімді сұрады. Президентіміз түрік тілін білетінімді атап өтті. Бұл туралы да сөйлестік. Мен білемін, сөйлей аламын дедім. Жас көрінесің деді. Жасымды айтқанымда қатты таңғалды", – деді Мусин Tengrinews.kz тілшісіне жауап беріп.

Айта кетейік, Бағдат Мусин 39 жаста. Ол 2020 жылдың қыркүйегінен бері министр қызметін атқарып келеді.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Түркияға Қазақстанның 10 министрі де жұмыс сапарымен барды.

Похожие материалы