Экономика
Ереванда Қазақстан мен Қырғызстан премьер-министрлері араздасып қалды
Ереван. 26 қазан. 7kun.kz - Армения астанасы Ереванда өткен ЕАЭО елдері премьер-министрлерінің кездесуінде Қазақстан мен Қырғызстанның үкімет басшылары өзара араздасып қалды деп хабарлайды Armrus.info сайты.
Соның салдарынан ЕАЭО елдерінің жиыны өз уақытынан кешігіп басталған. Жиналыс Ереван қаласының уақытымен 12.00-де басталу керек болған. Бірақ арасындағы премьердің арасындағы тартысқа байланысты жиын жергілікті уақытпен 14.00-ге дейін басталмаған.
Армениялық сайттың хабарлауынша, екі министрдің арасындағы келіспеушілік қазақ-қырғыз шекарасындағы мәселеге байланысты болған.
Бұған дейін Қазақстан Қырғызстанмен шекараға бақылауды күшейткен еді.