Еуразиялық топ кәсіпорындары (Eurasian Resources Group, ERG) жұмыс орындарын сақтау және өндірістік үдерістерді тұрақтандыру бойынша міндеттемелерді өздеріне алды. Бұл жайлы ERG баспасөз қызметі хабарлайды.
Осы аптада Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев пен Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Қазақстан аймақтарына жұмыс сапарларының барысында жергілікті атқарушы органдар мен кәсіподақтар арасындағы сәйкес үш жақты меморандумдарға қол қойылды деп нақтыланады хабарламада.
"Еуразиялық топ кәсіпорындар жұмысының әлеуметтік тұрақтылығын қамтамассыз ету және жұмыскерлерге еңбекақының уақытылы төленуін қамтамассыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қолдануды көздеп отыр ", - деді ERG басқарма төрағасы Альдияр Казтаев.
Үш жақты меморандумға «Қазхром» ҰАК» АҚ (Ақсу ферроқорытпа зауыты, Ақтөбе ферросқорытпа зауыты, Дон кен-байыту комбинаты, «Қазмарганец» кен басқармасы), «ССКӨБ» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Еуроазиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ, «Шұбаркөл көмір» АҚ қол қойды.
2013 жылдың желтоқсанында ERG боксит, темір, хром, марганец, мыс кенін, темір, көмір шығарумен және алюминий, ферроқорытпалар, окатыштер, мыс өндірумен айналысатын ENRC-ді сатып алу бойынша келісімді аяқтады. Еуразиялық топ Қазақстан аумағындағы өндірістік активтерді басқарады: Қазхром ҰАК, Жәйрем КБК, Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ), Қазақстан Алюминийі, Қазақстан электролиз зауыты, Еуроазиялық энергетикалық корпорациясы (ЕЭК), Шұбаркөл көмір және ENRC Logistics.