
Нұр-Сұлтан. 14 маусым. 7kun.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ерлан Қарин жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 19- тармақшасына сәйкес Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі лауазымына тағайындалсын», – делінген хабарламада.
Президент жарлығымен Мемлекеттік хатшы лауазымы жойылып, оның орнына Мемлекеттік кеңесші лауазымы пайда болды.
Айта кетейік, бұған дейін Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметін атқарған еді.