Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ерлан Сағадиевтің жаңа орынбасары тағайындалды

Ерлан Сағадиевтің жаңа орынбасары тағайындалды

Эльмира Сұханбердиева Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы ведомтсвоның баспасөз қызметі хабарлады. 

Эльмира Сұхбанбердиев Амангелдіқызы 1971 жылы 26 қарашада туылған. 1995  жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды бітірді. 2002 жылы Халықаралық еңбек академиясын аяқтады. 2009 жылы Халықаралық МВА бизнес академиясын бітірген. 2009 жылдан бастап №60 мектеп-лицейінің директоры ретінде қызмет атқарады. ҚР білім берудің құрметі қызметкері, іскерлік әкімшіліктің магистрі атанған. 2012 жылдан бері Астана қаласының 5-шақырылымының мәслихат депутаты. Еңбек жолын тарих мұғалімі ретінде бастады. Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, Алматы облысы Іле ауданы әкімінің аппаратында бас маман, Алматы облысындағы Іле ауданындағы орта мектептің директоры, "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ аппаратының басшысы қызметтерінде жұмыс істеген.

Похожие материалы