
Алматы. 4 қазан. 7kun.kz – 2018 жылғы 5 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев Ақорда резиденциясында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналады.