Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ержан Біржанов қазақстандықтардың несиелерін есептен шығару туралы сауалға жауап берді

Ержан Біржанов қазақстандықтардың несиелерін есептен шығару туралы сауалға жауап берді

Астана. 1 желтоқсан. 7kun.kz – Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланған жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылданған жағдайда қазақстандықтардың үмітсіз несиелері есептен шығару туралы сауалға жауап берді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ол «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң жобасында проблемалық қарыздар мәселелерін шешудің құқықтық тетіктерін құру, несие тарихын «ақтау» және санкциялар мен айыппұлдарды азайту мүмкіндіктері қарастырылғанын айтты.

«Несиелерді есептен шығару бұл заң жобасына қатысты емес және нормативтік құқықтық актінің нысанасына жатпайды. Бұл қандай да бір бөлек бастама болуы мүмкін. Оны Қаржы министрлігі қарастырып жатқан жоқ», – деді Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.

Оның айтуынша, қазір миллионнан астам Қазақстан азаматының 90 күннен астам мерзімі өткен несиелері бойынша ірі көлемдегі қарыздары бар. Мұндай несиелердің жалпы сомасы 1 триллион 450 миллиард теңгені құрайды. Олардың 96%-ы 5 миллион теңгеге дейінгі несиелер, кепілсіз, әдетте, тұтынушылық несиелер.

Похожие материалы