Алматыда метро құрылысы тоқтамайды. Бұл туралы бүгін қала әкімі Ахметжан Есімов тұрғындарға есеп беру кездесуінде айтты.
«Метро құрылысы тоқтамайды. Биылғы жылы 8 млрд.теңге бөлінді. Ары қарай қазамыз» деді әкім.
Еске сала кетейік, Елбасы 11 ақпан күні метро құрылысының екінші кезеңін тотата тұру қажеттігін, кейін жалғастырылатынын айтқан еді.
Бүгінгі жиында А.Есімов метроның сұранысқа ие екендігін атап өтті.
«Метро қызметін 20 млн.жолаушы пайдаланды. Күн сайын 24 мың адам тасымалданады», -деді ол.
Қала әкімінің сөзіне қарағанда биылғы жылдың алғашқы жатысында құрылысы былтыр аяқталған 2 жаңа станция пайдалануға беріледі.