Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Есімов орындамаған 15 уәде

Есімов орындамаған 15 уәде

Алматы қаласының әкімі қызметінде болған 7 жыл ішінде қала дамуына қосқан үлесі біршама. Мәселен, алматы метрополитенінің ашылуы, 20 шағын бекеттің салынуы, Қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру сынды жұмыстар абыроймен жасалды. Десе де, берген уәделерінің біршамасы сөз күйінде қалған. Назарларыңызға 15 орындалмаған уәдені ұсынамыз.

1. Жаңадан үш автовокзал салу Өткен жылы журналистермен өткізілген брифинг барысында А.Есімов Алматыда үш жаңа автовокзал салынады деген еді. Бірі Қалқаман ауданындағы 7-1 қалалық емхана жақта, екіншісі - Рысқұлов даңғылы мен Құлжа тас жолының қиылысы жағында және үшіншісі - Қапшағай жақта салынады деп айтқан болатын. 2. Қоғамдық көліктер экологиялық таза жанармаймен жүреді Бұл туралы қала басшысы 2012 жылдан бері айтып келген. Десе де, 3 жыл ішінде барлық көліктерді газ бен электрэнергиясымен қамтамасыз ету әкімнің қолынан келмеді. Сонымен қатар, Есімов қалалық билік жеке тасымалдаушыларға газбен жүретін автобустар сатып алуға қаржы бөледі деп те айтқан еді. 3. Алматы аулаларын бейнебақылаумен жабдықтау   2013 жылы экс-әкім екі жыл ішінде қаланың барлық аулаларына бейнебақылау орнатылатын болады деген уәде берген. Бұл қылмыс деңгейін азайту үшін жасалауы керек еді. Бұл уәде аздап орындалды. Бірақ, Бостандық және Медеу аудандарының кей аулалары әлі жабдықталған жоқ. 4. "Сайран" және "Мәскеу" бекеттерінің ашылуы  Есімов Алматы метрополитенінің екі жаңа станциясының құрылысы жоспармен жүріп келеді деп бірнеше рет айтқан еді. Негізі, станцияның ашылуы 2014 жылы ҚР тұңғыш Президенті күніне орай 1-қаңтарда ашылатын болған-мыс. Десе де, екі станцияның да ашылуы 2015 жылдың 18-сәуірі күні өткізілді. 5. Жылдам автобустар Осыдан екі жыл бұрын қала басшысы тұрғындарға есеп беру кездесуі барысында 2015 жылға қарай қалада көп адамдық жылдам автобустар қатынайтын болады деген еді. Олар "Орбита" ықшам ауданынан шығыс вокзалына дейін жүреді деп айтқан. 6.Наурызбай ауданында әкімшілік орталық салу 2014 жылы Есімов жаңадан қосылған Наурызбай ауданының деңгейін көтеремін деп уәде берген еді. Және де бір жыл ішінде осы жерде әкімшілік орталық пен мектеп, емхана, балабақша сынды әлеуметтік нысандар саламын деген болатын. 7. Жеке секторды газдандыру Қала әкімі толығымен жүзеге асыра алмай кеткен бағдарламаның бірі - жеке секторды газдандыру. Басында 3 жыл көлемінде толығымен газ жүргізіледі делінгенімен, биыл бесінші жылға аяқ басты, жеке секторда Ақбұлақ, Әйгерім сынды бірқатар ықшам аудандардың тұрғындары көмір жағып отыр. Газ құбырлары жарнама үшін жүргізілгендей, бос тартылған күйі тұр. 8. Екінші арнайы ХҚКО құрылысы  Өткен жылдың 18-ақпанында тұрғындармен кездесу кезінде қала басшысы екінші арнайы ХҚКО салу туралы уәде берген еді. Ол Құлжа тас жолының шыға берісінде салынады деп жоспарланған. 9. Академиялық медициналық орталық салу  2013 жылы қала әкімінің басшылығымен қала салу кеңесінің отырысы өткен еді. Сол жерде академиялық медициналық орталық салынады деген шешім қабылданған болатын. Әкім осы нысанның құрылысына әлемге әйгілі компаниялар жұмылдырылатын болады деген уәдесін берген. 10. "Қарқара" базарын қайта қалпына келтіру Жоғарыдағы отырыста Есімов "Қарқара" базарының қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргіземіз деген еді. Аталған базар "Атакент" кешенінің аумағында орналасқан. Сонымен бірге екі тұрғын үй кешені салынады деп те айтқан. 11. "Қазақленд" туристік кешенінің құрылысы  Көк-Төбеде "Қазақленд" мәдени-демалыс орталығын салу жоспарланған. Оның жалпы аумағы 44 мың шаршы метрді қамтиды деген болжам жасалды. Одан бөлек, шығыс бөлікте жаңғақ тоғайы салынуы керек еді. Ол жерге дизайнерлер серуендеуге арналған терраса, тау велосипедтері мен скейт тебуге арналған жол саламыз деп ойластырған болатын. Аталған жобаның бюджеті 43,5 млрд теңгеге бағаланған. 12. Қалалық әуежайдың кеңетілуі  Алматы билігі қалалық әуежайды кеңейту жобасын мақұлдаған. Жобаны әуежай акционерлері жасаған еді. Жаңартылған әуежайдың әлеуеті 2025 жылға дейін жетеді деген еді экс-әкім. 13. 11 өрт сөндіру депосын салу  "Алматы әкімдігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында" қалада тіркелетін төтенше жағдайлардың 85-90 пайызы - өрттің салдарынан болады деп айтылған. Қалада тек 13 өрт сөндіру бөлімдері бар. Өртке қарсы қауіпсіздік нормалары бойынша, олардың күші тек қаланың 50 пайызына ғана жетеді. ҚР ТЖ министрлігінің нормасын орындау үшін қосымша тағы 11 өрт сөндіру депосын салу керек. 14. Дельфинарий құрылысы Өткен жылдың маусым айында Алматы әкімдігі дельфинарий мен мұз аренасы жобасын аяқтап, құрылысын бастаймыз деп айтқан. Олар Орталық мәдениет және демалыс саябағында салынады деген еді. Қала әкімі жобаның нобайын мақұлдаған. Нысандардың жалпы аумағы 7300 шаршы метрді құрауы керек еді. 1000 шаршы метрлік дельфинарийде 750 орын, ал мұз аренасында 900 орын болады деген еді жоспар бойынша. 15. Барахолканың артында кім тұрғанын айту  Алматы әкімі 2013 жылдың қараша айында барахолканың артында тұрған адамдардың аты-жөнін жария етемін деп уәде берген еді. "Осы аумақты иемденіп, сол үшін ақша алған директорлар бар. Тіпті өздері Астанада жүрген құрылтайшылар да бар. Егер олар БАҚ арқылы өз жұмыстарын тоқтатпайтын болса, мен олардың есімдерін жария етемін. Ішінде кейбір танымал адамдар да бар",- деген болатын Есімов. Естеріңізге сала кетсек, Алматы қаласының экс-әкімі Ахметжан Есімов "АСТАНА ЭКСПО-2017 ҰК" АҚ басқарма төрағасы етіп тағайындалған еді. Ал, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек болды. Ақпарат көзі: kapital.kz

Похожие материалы