Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ескі көліктерді қайта өңдеуге тапсырғандарға 48 мың теңге беріледі

Ескі көліктерді қайта өңдеуге тапсырғандарға 48 мың теңге беріледі

Алматы. 18 қараша. 7kun.kz - Ескі көліктерді тапсыру арқылы Қазақстанда құрастырылған жаңа көлік сатып алуға болады. Мұндай бағдарлама 2017 жылдан бастап күшіне енеді. Бұл туралы «ӨКМ операторы» ЖШС басқарушы директоры  Рустам Темірбек мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Яғни бағдарлама бойынша ескі көлік үшін 315 мың теңгенің сертификатын алып Қазақстанда құрастырылған жаңа көлікке алғашқы жарна ретінде төлеуге болады.

- Сертификат бойынша заңды актіге өзгерістер енгізіліп жатыр. Келісім жасалғаннан кейін 2017 жылдың 1 тоқсанында бағдарлама енгізіледі деп ойламын. Мүмкін екі бөлек бағдарлама болатын шығар. Жеңіл автокөліктер үшін 315 мың теңге беру жоспарланған. Бір көлік сатып алуға екі сертификат қолданылуы да мүмкін. Яғни екі сертификаттың құны 600 мың теңге болады, - деді Рустам Темірбек.

Оның сөзінше, сертификаттарды отандық өндірістегі кез келген автокөлікті сатып алуға пайдалануға болады.

Сондай-ақ, 21 қарашадан бастап Қазақстанның 17 қаласында ескі көлік құралдарын қайта өңдеуге тапсыру бағдарламасы іске қосылады. Бағдарламаға көлік салмағы 3,5 тоннадан аспайтын көлік иелері қатысіға болады. Олар ескі көліктерін қайта өңдеуге тапсырып, ақшалай өтемақы ала алады. Егер көлік жүріп тұрған болса 150 мың теңге, мүлде ескі жүрмейтін көлік болса 48 мың теңге беріледі.  

Похожие материалы