Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ескі үлгідегі 2000, 5000, 10 000 теңге қай кезге дейін қолданыста болады?

Ескі үлгідегі 2000, 5000, 10 000 теңге қай кезге дейін қолданыста болады?

Әлеуметтік желілерден ескі үлгідегі 2000, 5000, 10 000 теңгенің күші жаңа жылдан бастап жойылады. Сондықтан бұрынғы үлгідегі ақшаларыңыз болса, тез-тез жаратып үлгеріңіздер деген жазбаларды оқып жүрмін. Егер қолымызда жоғарыда айтылған үлгідегі купюралар болса, жаңа жылға дейін ауыстырып үлгермесем, мүлдем жарамсыз болып қала ма?  

                        Еркін, Алматыдан, aain@mail.ru почтасы арқылы жолдады

Еркін, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап номиналы 2006 жылғы үлгідегі 2000 теңге, 5000 теңге және 10 000 теңгенің төлемге қабылданбайтыны туралы ақпараттың шыққаны рас. Алайда кейін бұл мерзім ұзартылды. 2016 жылдың 3 қазанына дейін қолданысқа жарамды.  Осы уақытқа дейін екінші деңгейлі банктерге барып, (тегін) ауыстырып ала-аласыз. Егер ол кезге дейін ауыстырып үлгермесеңіз, 2020 жылдың 3 қазанына дейін ҚР Ұлттық банкінің кез-келген филиалына барып, ауысрытып алуға болады. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ.

2006 жылы шыққан купюралардың суреті төменде берілді. 2006_1

Құрметті оқырман! Егер банктерге қатысты (несие, проблемалық несие, несие картасы, депозит, банктер туралы жалпы банк, қаржы саласына қатысты) сұрақтарыңыз болса, бізге жолдаңыз, біз банк мамандарын қатыстыра отырып, жауап береміз. Үлкен мәселе болса Журналистік зерттеу жүргізуге дайынбыз. Сұрақтарыңызды info@7kun.kz почтасына, WhatsApp арқылы +7 775 4766145 телефонына немесе FB, VK-дағы "Қаржы жаңалықтары" парақшаларына жолдауды сұраймыз.

Похожие материалы