
Алматы. 11 сәуір. 7kun.kz – Есжан Біртанов «Қазақстанның Даму банкі» АҚ директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды. Бұл туралы KASE-да жарияланған құжатта айтылған.
Сондай-ақ, құжатта Есжан Біртанов Директорлар кеңесінің мүшесі болып, 28 наурызда ҚДБ-дан өз еркімен кетуді шешті делінген.
Мемлекет басшысының өкімімен ол ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.