Алматы. 15 қазан. 7kun.kz - Табиғи ресурстарды өндіру мен байыту саласындағы әлемдегі жетекші команиялардың бірі - Eurasian Resources Group компаниясы 2018 жылғы Орнықты даму жөніндегі есебін жариялады.
Өткен жылы компания үздіксіз жетілдіру бағдарламасы аясында ERG WAY өндірістік жүйесін енгізген. Бұл жүйе аз шығындармен көбірек өнім өндіруге негіздеілген. Мұның аясында жобаларды тиімді басқарып, кешенді бағдарлауға көзқарасты жетілдіріп, тау-кен жұмыстарын жоспарлауды жақсарту үшін дербес ERG Capital Projects компаниясы құрылған.
Компания өткен жылы ұйымдастырған айтулы шараның бірі - кезекті Инноваторлар форумын өткізіп, «Идеялар фабрикасын» өткізу тәжірибесін тарата түскен.
Жыл бойы қызметкерлерден 3 000-нан астам ұсыныс түсіп, соның 1 600-ін жүзеге асыра бастаған.
Топ өндірісінің 4.0 Индустриясы талаптарына сай болуын қамтамасыз етуге жүйелі даярлық жұмыстарын да бастап кетіпті. Соның ішінде ауқымды деректерді саралау мен өндірістік қызметті цифрландыру да бар.
Компания өкілдерінің айтуынша өндірістік процестерді басқарудың бірыңғай жүйесін (Manufacturing Execution System) енгізуге даярлық жүріп жатыр. Жеткізілімдердің жауапты тізбегін қамтамасыз ету аясында IBM тұғырнамасындағы блокчейн технологияларына негізделген шешімдерді жүзеге асыратын пилоттық жобаны қолға алған.
Қазақстанда Астана халықаралық қаржы орталығымен және «Astana Hub» халықаралық ІТ-стартаптар технопаркімен әріптестік орнатқан. Ол ERG қызметіне қажетті жаңа сандық шешімдерді әзірлеуге қажетті технологиялық стартаптар саласындағы серіктестікті көздейді.
Топ негізгі кәсіпорындары орналасқан өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ондағы жергілікті қауымдастықтардың әл-ауқатын арттыруға сүбелі үлес қосуды да жалғастырған. Мәселен: Қазақстанда ERG қолдаған STEM-зертханаларда бүгінде 9 мың оқушы білім алып жүр. Бұдан бөлек, Топ «Студенттер кәсіпкерлігінің эко-жүйесі» жобасы аясында жастарға қолдау көрсетіп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына септесті. Қазіргі таңда 9 жоғарғы оқу орны мен колледжде жүзеге асырылып жатқан бұл бастамаға 5 мың студент жұмылдырылған.
ERG-дің Бас атқарушы директоры Бенедикт Соботканың айтуынша компания 2018 жылы осы ауқымды істер нәтижесінде маңызды нәтижелерге қол жеткізген.
«Стратегиямыз аясында біз 2019 жылдың басында БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын қамтитын Жаһандық келісімге қосылдық және ондағы бастамаларды қолдаймыз», - дейді ол.
Орнықты даму жөніндегі есептің толық мәтінімен танысыңыз.