Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Eurasian Resources Group-тағы «Алюминий Қазақстан» басшысы өзгерді

Eurasian Resources Group-тағы «Алюминий Қазақстан» басшысы өзгерді

«Алюминий Қазақстан» АҚ-ның басқарма төрағасы болып Арман Есенжолов тағайындалды деп хабарлайды АҚ-ның баспасөз қызметі сейсенбі күні.

А. Есенжолов осыған дейін «Алюминий Қазақстанның» бірінші вице-президенті қызметінде болған, ал оның алдында Алмаз Ибрагимов төрағалық еткен еді.

А.Ибрагимов «Қазақстан электролиздік зауыты» АҚ-да президенттік қызметін атқара береді.

«Алюминий Қазақстан» АҚ-ның құрамына Павлодар алюминий зауыты, ТЭЦ-1, Краснооктябрь және Торғай кен басқармасы және «Керегетас» әктас кені кіреді. «Алюминий Қазақстан» Eurasian Resources Group (ERG) құрамында.

2013 жылдың желтоқсанында ERG боксит, темір, хром, марганец, мыс рудасы, көмір және алюминий, ферроқорытпа, жез өндірумен айналысатын ENRC-мен арадағы келісімді аяқтады. Еуразиялық топ Қазақстан шекарасындағы мына өндірістік активтерді басқарады: ТНК Казхром, Жайрем ТБК, Соколов Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі, Алюминий Қазақстан, Қазақстан электролиз зауыты, Еуроазиаттық энергетикалық корпорация, Шұбаркөл Көмір және ENRC Logistics.

 

Похожие материалы