Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz — Нұр-Сұлтан қаласында ERG Supplier Award марапатын алғашқы рет табыстау салтанатты шарасы өтті.
Халықаралық өнеркәсіптік топтың беделді марапатына қазақстандық және шетелдік өнеркәсіптік жабдықтарды өндірушілер, қызметтерді жеткізушілер мен қаржылық серіктестер ие болды.
"Осыдан 25 жыл бұрын ERG компаниясы өзінің Қазақстандағы сенімді жолын бастаған еді. Өз жұмысымызда біз сатып алу процесінің негізгі принциптеріне сүйенеміз. Жеткізушілермен қарым-қатынасты дамыту осы істің негізгі бөліктерінің бірі. Өйткені серіктестік ең тиімді жол. Тек жылдар бойы қалыптасқан қарым-қатынас пайда әкеледі", - деп атап өтті ERG Коммерциялық орталығының бас директоры Ильмир Масғұтов.
ERG 2013-2018 жылдардағы тауарлар мен қызметтерді жергілікті жеткізушілерден 1,5 триллион теңгеден астам мөлшерде сатып алу арқылы Қазақстан бойынша 5 500-ден астам компанияны қолдауды. Сонымен қатар, Масғұтов коммерциялық орталық отандық компаниялардан сатып алынатын тауардың сапасына қатаң талаптар қоятынына назар аударды, өйткені ERG өнеркәсіптік өнімі халықаралық нарыққа түседі.
Салтанатты рәсімге Еуразиялық Топтың серіктестері, жеткізушілері мен мердігерлері жиналды. Бүгінде ERG-мен 2 000-ға жуық қазақстандық кәсіпорын және түрлі салалар мен қаржы секторынан жүздеген халықаралық жетекші компаниялар жұмыс істейді.
Марапаттың инициаторы ретінде ERG – топтың орталықтандырылған тауарларын сатып алу мен қызмет көрсету операторы Коммерция орталығы.
Ол 2016 жылдан бері үш бағыт бойынша операциялық тиімділікті арттыруда жұмыс істейді: ERG кәсіпорындарының өнімдері сату, сатып алу және Қазақстандағы компанияның инвестициялық жобаларын іске асыру.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жеңімпаздар үстіміздегі жылдың басында хабарланған байқау қорытындысы бойынша анықталған. Оған қатысу үшін тасымалдаушыларға ERG Коммерциялық орталығы өткізген кез келген саудада жеңу керек болды.
«ERG Supplier Award» марапаты жұмысты үнемі жақсартуға тырысатын жеткізушілердің еңбегін елеу үшін ұйымдастырылып отыр. Конкурстың мақсаты қазақстандық тауар өндірушілерін қолдау.
Марапаттан бөлек, "ERG Supplier Award" жеңімпаздарына өз брендін нарықта ілгерілетуге қолдау көрсетіледі.
2019 жылы Eurasian Resources Group Қазақстандағы өз бизнесінің 25 жылдық мерейтойын атап өтеді, ал Люксембургтегі басқарушы компанияның бас офисіне 5 жыл толады.