Экономика
ЕурАзЭҚ елдері арасындағы сауда көлемінің азаю себебі белгілі болды
Еуразиялық экономикалық одақ ( ЕурАзЭҚ ) елдерінің арасындаға өзара сауда мұнай бағасының түсуі салдарынан төмендеді. Бұл пікірді Еуразиялық экономикалық комиссиясының интеграцияны дамыту департаментінің директорының орынбасары Сергей Шухно айтты деп хабарлайды LS.
"Соңғы екі жылдағы өзара сауда көлемінің қысқарылуы Ресей, Беларусь және Қазақстандағы мұнай және мұнай өнімдері бағаларының күрт төмендеуіне байланысты болды", -деді С. Шухно.
ЕЭК өкілі бұл экономикалық ахуалдың болашақта түзетілетініне сенетінін айтты.
2015 жылдың ақпан-тамыз айларындағы ЕурАзЭҚ мемлекеттерінің арасындағы өзара сауда көлемі 2014 жылғы сауда көлемімен салыстырғанда 26%-ға төмендеп, 30,3 млрд долларды құраған болатын.
Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресей арасынадғы тауар айналым көлемі 24,5%-ға азайып, 10,3 млрд доллар болды. Беларусьпен сауда 27,2%-ға кемісе, Армениямен 8,5 % және Қырғызстанмен 19,2%-ға төмендеді.
Фото: vestnikkavkaza.net сайтынан алынды