Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың антидағдарыстық қоры (ЕурАзЭО АДҚ) Арменияға "Солтүстік-Оңтүстік" автомагистралінің құрылысы үшін 150 млн доллар көлемінде инвестициялық несие береді.
Армения үкіметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Ереванда елдің транспорт және байланыс министрі Гагик Бегларян мен Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) басқарма төрағасы Дмитрий Панкин қордың қаражатынан несие беру туралы келісімге қол қойды. Қаржы 20 жылдық мерзімге берілді.
Арменияға 150 млн доллар көлемінде несие беру туралы шешім 2014 жылдың 3 шілдесінде ЕурАзЭО АДҚ-ның қаржысын басқарушы ЕАДБ арқылы қабылданды.
"Солтүстік-Оңтүстік" траснпортты дәлізі Үндістан мен Орта Азияны Грузия, Ресей және Еуропамен жалғастыруы қажет. Армения аумағын басып өтетін трасса (Мегри-Капан-Горис-Ереван-Аштарак-Гюмри-Бавра) Поти, Батуми және ТМД елдерімен Еуроодаққа дейін баратын грузиялық жол бөлігімен қиылысатын болады.