Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЕуразЭС елдері макроэкономикалық интеграцияны жылдамдату қажет

ЕуразЭС елдері макроэкономикалық интеграцияны жылдамдату қажет

Ресей экономикасындағы, оның әсерінен ұлттық экономикаға зардабын тигізіпі жатқан дағдарыстың алғышарттарына байланысты ЕуразЭС елдері макроэкономикалық интеграция механизмдерін қалыптастыруды жылдамдатуы қажет, деп есептейді Беларуссия сыртқы істер министрлігінің еуразиялық интеграция басқармасының басшысы Алексей Самосуев.

"Әзірге ЕуразЭС-ке мүше елдердің валюта сферасына байланысты әріптестігіндегі формат, мерзім және шарттарына қатысты болжамдар жасау қиынырақ. Бірақ әріптестеріміздің, оның ішінде Ресей Федерациясының экономикасында жақын арада орын алған жағдайлар макроэкономикалық координациялар механизмдерін тезірек қалыптастаруды қажет етеді", - деп мәлімдеді А.Самосуев белоруссиялық "Звезда" басылымына берген сұхбатында.

"Біз алғаш рет "жалпы қаржылай нарық" деген ұғымды енгіздік. Осыған байланысты қаржылай, оның ішінде,  валюта саласындағы сұрақтар барлық жақ үшін ең сезімтал және күрделі болып табылдаы. Сондықтан барлығы кезең-кезеңімен жүргізіледі", - деп атап өтті Белоруссия СІМ-ның өкілі. Ол ЕАЭС елдерінің 2025 жылға қарай Қазақстанда қаржылай нарықты реттеу жөніндегі ұлттық ұйым құруға келіскендігін атап өтті.

"Осыған байланысты 2015 жылдың 6 ақпанында Мәскеуде өткен үкіметаралық кеңесте Еуразиялық экономикалық комиссия мен мүше-елдердің үкіметтеріне орталық (ұлттық) банктерімен біріге отырып, макроэкономикалық және валюта-қаржылай саясат саласына байланысты әріптестікті дамыту туралы тапсырма берілді. Ал алдағы қозғалыс динамикасының қандай болатындығын уақыт көрсетеді", - деді А.Самосуев.

 

Похожие материалы