«Еуразия» сақтандыру компаниясы АҚШ пен Ұлыбритания нарығында жұмыс істей бастайды
Алматы. 22 мамыр. 7kun.kz – «Евразия» сақтандыру компаниясы» АҚ Ұлыбритания мен АҚШ-тың заңды тұлғалары болып табылатын сақтандырушылармен тікелей сақтандыру шартын жасады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Хабарламаға сәйкес, компанияның клиенттері британдық Slicker Recycling және америкалық Hydrodec болды, тиісінше 59,6 млн фунт стерлинг және 41,9 млн доллар сақтандыру сомасымен.
Айта кетейік, «Евразия» СК-ның халықаралық нарықтарға қатысуы тек қана қайта сақтандырумен шектелді.
1995 жылы құрылған «Евразия» СК Қазақстанның сақтандыру нарығында жетекші орынға ие. Бүгінгі күні компания 75-тен астам елде жұмыс істейді және әлемнің 150 ірі қайта сақтандырушыларының қатарына кіреді.
Slicker Recycling - 2000 жылы құрылған ағылшын компаниясы. Қоршаған ортаны қорғауға, қауіпті қалдықтарды жинау мен өңдеуге және оларды кәдеге жаратуға маманданған.
Hydrodec - 2004 жылы АҚШ пен Австралияда өнеркәсіптік майларды өңдеу үшін құрылған, онда айта пайдалану үшін жоғары сапалы трансформацияланған майды өндіру мақсатында пайдаланылған және ластанған өңделген майды қайта өңдеу үшін патенттелген технология табысты қолданылады.